«Гарри Поттер» актері рекорд орнатты

«Гарри Поттер» актері рекорд орнатты

«Гарри Поттер» актері рекорд орнатты
ашық дереккөзі
«Гарри Поттер» киносында Рон Уизлидің рөлін сомдаған актер Руперт Грин рекорд орнатты. Британдық актер Instagram парақшасына жазылушы жинау жылдамдығы бойынша рекорд орнатты. Грин Instagram әлеуметтік желісін тұңғыш рет ашып, бір жарым жастағы баласымен түскен суретін жүктеген. Төрт сағат бір минуттың ішінде Гринның парақшасына бір миллион адам жазылған. Қазіргі таңда актердің жеке парақшасына жазылушылар саны үш миллионнан асып жығылды.  width= Бұған дейін жеке парақшаға жазылушылар жинау жағынан рекордсмен табиғат зерттеушісі, тележүргізуші, табиғат туралы фильм түсіруші сэр Дэвид Аттенборо болатын. Грин оның көрсеткішін 43 минутқа басып озған.