Коронавирус өршіген шілде айында шетелден 297 млн долларға медициналық тауарлар импортталып, көрсеткіш рекордтық деңгейге жеткен, деп хабарлайды Atameken Business. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың шілдесіне қарағанда 46 пайызға жоғары. Елімізде 8 айдың ішінде 923 млн долларға дәрі-дәрмек импортталған. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 39 пайызға артық. Ал былтыр бір жылда еліміз шетелдік тауарларды сатып алуға 2 млрд доллар жұмсаған, биыл тек 8 ай ішінде 1 млрд 7 млн доллар ақша шығындалыпты.
Жүктелуде...