Түркіменстан президенті өзінің сүйікті ит тұқымына арнап ескерткіш орнатты. Гурбангулы Бердімұхамедов ел астанасы Ашхабадта алабайдың 19 футтық (6 метрлік) мүсінін ашты. Бұл - алғашқы құрмет емес, Президент өткен жылы алабайға бір кітап арнапты. Бердімұхамедов сұлулығымен және төзімділігімен танымал Ахал-теке жылқыларына деген сүйіспеншілігі туралы да айтты. Естеріңізде болса, 2015 жылы Президенттің ат үстіндегі алтын мүсіні ашылған еді.
Жүктелуде...