Қазақстанның ауыл әйелдерінің III форумы өтіп жатыр

Қазақстанның ауыл әйелдерінің III форумы өтіп жатыр

Қазақстанның ауыл әйелдерінің III форумы өтіп жатыр
ашық дереккөзі
Форумды ашқан Мәжіліс депутаты Майра Айсина: «Ауыл әйелдерін біріктіруші әрі ынталандырушы алаңға айналған үшінші республикалық форумды ашып отырғаныма қуаныштымын. Жыл сайын қатарымыз жаңа есімдермен толығып жатыр. Өкінішке қарай, аналардың жұмысын көріп, қолдап қайту үшін биыл ауылдарға бара алмадық. Әйтсе де, қашықтық бізге кедергі емес, онлайн режимде де кездесіп отырмыз», – деді. Оның айтуынша Қазақстан халқының жартысынан көбі ауылда тұрады. Оның 4 миллионы әйелдер. «Форум жұмысы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына айтарлықтай серпін беретініне сенімдіміз. Бұл әйелдердің әлеуметтік мәртебесін жақсартады. Сүттің 70% және көкөністердің 90% жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Президенттің жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін шешуші түрде пайдалану қажеттілігіне назар аударуы бекер емес. Елімізде әйелдер ауылдың дамуы үшін орасан зор еңбегін сіңіруде», – деді депутат. Қазақстанның ауыл әйелдерінің III форумы барасында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылады.