Вакуумды пойызға алғаш рет жолаушылар отырғызылды

Вакуумды пойызға алғаш рет жолаушылар отырғызылды

Вакуумды пойызға алғаш рет жолаушылар отырғызылды
ашық дереккөзі
50282
Virgin Hyperloop компаниясының инженерлері Hyperloop вакуумды пойызына алғашқы жолаушыларды отырғызып, бесінші транспорт түрі деп аталатын пойызды сынақтан өткізді деп хабарлайды The Verge агенттігі. Лас-Вегас қаласының маңында орналасқан DevLoop полигонында Hyperloop вакуумды пойызына екі жолаушыны, атап айтсақ, Virgin Hyperloop компаниясының техникалық директоры Джош Гигель мен клиенттермен жұмыс жөніндегі директор Сара Лучианды мінгізіп, сынақтан өткізді. Олар мінген капсула 160 км/сағ жылдамдықпен жүріп, келесі аялдамаға жетер кезде жылдамдығын бәсендеткен. Жоба құрастырушылары бұл сынақты көліктің жүру жылдамдығының қаншалықты жоғары екенін тексеру емес, мұның жолаушылар үшін қауіпті емес екеніне көз жеткізу үшін өткізгенін айтады.  width= DevLoop сынақтан өткізу трегінің ұзындығы – 500 метр, диаметрі – 3,3 метр. Компания қызметкерлерінің айтуынша, аталған тректе 400-ге жуық сынақ өткізілген, алайда бұған дейін ешбір жолаушы отырғызылмаған.  width= Қазіргі таңда әлемнің әр бұрышында бұл жобаға қатысты әртүрлі капсулалар әзірлену үстінде. Ал компания инженерлері бұл сынаққа даниялық архитектор Бьярке Ингельс әзірлеп шығарған XP-2 капсуласын қолданған. Десек те, бұл капсула болашақта іске қосылатын Hyperloop капсуласынан екі есе кіші.  width= Естеріңізге сала кетейік, Tesla және SpaceX компаниясының бас директоры Илон Маск 2013 жылы Hyperloop вакуумды пойызының жобасын ұсынған болатын. Бұл жобаның концепциясы – жер астына орналастырылған туннельдер арқылы жылдамдығы жоғары вакуумды пойызды іске қосу. Құрастырушылардың мәлімдеуінше, 1 223 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын бұл көлік түрі пойыз бен ұшақтың қосындысынан құралады және бір «вагонның» ішіне 23 адам сияды.

Серіктес жаңалықтары