225
Жамбыл облысында карантин жеңілдетілді
Жамбыл облысында карантин жеңілдетілді
Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап өңірде карантин талаптары жеңілдетілді.
Облыста театрлар мен мешіттердің жұмысына рұқсат берілді. Сондай-ақ, екінші тоқсаннан бастап, қалалық және ауылдық аймақтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептер дәстүрлі оқу форматына көшірілетін болды. Алайда, әрбір сыныптардағы балалардың саны 15-тен аспауы шарт. Жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар, ал, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат етілген.
Еліміздің өзге өңірлерінде карантин шаралары керісінше, күшейтілуде. Атап айтқанда, Оралда автокөлік қозғалысына сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін шектеу қойылмақ.
Сондай-ақ, Ақмола облыстық бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Көкшетау қаласына кіреберіс жолдарға қайтадан блокбекеттер қойылады.