Алматыда «100 өлең» көркемсөз оқу сайысы өтеді

Ертең Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Алматыда «100 өлең» республикалық көркемсөз оқу сайысы өтеді. Оған республикамыздың әр өңірінен іріктелген 16 қатысушы қатысады.

Сайыстың финалдық кезеңіне өткен қатысушылар ASSYLTAS қоғамдық қоры топтастырған 100 өлеңді жатқа айтып жарысады. 100 өлең жинағына Майлықожа, Сүйінбай, Абай, Жамбыл, Мұқағали бастаған ақындардан бастап, бүгінгінің үздіктері Ұлықбек Есдәулет, Жүрсін Ерман, Ақберен Елгезек, Бақыт Беделхан сынды поэзия майталмандарының өлеңдері кірген.

Жарыс жеңімпазы ұйымдастырушылар тарапынан автокөліктің иесі атанады.

Back to top button