Ақмолалық диқандар 2 млн тоннадан астам астық экспорттады

Ақмолалық диқандар 2 млн тоннадан астам астық экспорттады

Ақмолалық диқандар 2 млн тоннадан астам астық экспорттады
ашық дереккөзі
Еліміздегі астықтың үштен бірін өндіретін Ақмола облысында өндіріспен бірге, экспорт көлемі артып келеді. Соңғы жылдары облыста астық экспортының көлемі 80 пайызға артқан.  Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Ақмола облысы еліміздегі аграрлы өңір саналады. Республикадағы астықтың үштен бірі Ақмола облысында өндіріледі. Жыл сайын 2-2,5 миллион тонна астық экспортқа шығарылады. Ақмолалық астық негізінен Ресей, Қытай, Орта Азия, Еуропа, Таяу Шығыс елдерінің нарығына шығарылады. «Бүгінгі таңда облыстағы элеваторларда 2 миллион тоннадан астам астық сақталған. Облыста егін орағы ойдағыдай аяқталып, әр гектардан 11,8 центерден астық алғанда барлығы 5,2 миллион тонна астық жиналды. Алынған астықтың 90 пайызы 3-класты», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Медет Досжанов. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы облыстық филиалының мәліметінше, өңірлерден астықты вагондарға тиеп, жедел жөнелту бойынша тұрақты бақылау шаралары жүргізілуде. Биыл өңірдің астық қабылдау кәсіпорындарынан 2,1 миллион тонна астық және 165,2 мың тонна ұн экспортқа жөнелтілді.