Степногор әкімдігінде бюджет қаражаты жымқырылған

Степногор әкімдігінде бюджет қаражаты жымқырылған

Степногор әкімдігінде бюджет қаражаты жымқырылған
ашық дереккөзі
239
Степногор әкімдігінде бюджет қаражаты жымқырылғаны анықталды. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және Степногорск қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен өткен ойнлайн бейнеконференция барысында айтылды, деп хабарлайды жергілікті жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі. Кездесуде айтылғандай, сотқа дейінгі тергеу барысында Степногор қаласының жергілікті атқарушы органының маманы өз басшысының ЭЦҚ арқылы бюджет қаражатын жалақы түрінде өзінің карт-шотына заңсыз аударғаны анықталды. Сондай-ақ, мемлекеттік мекеменің шотынан өз карт-шотына жалақыны заңсыз артық аудару жолымен бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Степногор әкімдігі бөлімдерінің бірінің лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс шеңберінде ақпарат әкімдік қызметкерлерінің назарына жеткізілді. Осы Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға жоғары тұрған басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде немқұрайлылық, бірқатар заңнамалық актілердің талаптарын өрескел бұзу, ҚР заңнамасын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің болмауы ықпал етті.  width= Кездесу барысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мұрат Төлеубаев мемлекеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа енгізілімдер туралы хабардар етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шараларын қабылдау қажеттігін атап өтті. «Сіздің өңіріңіздегі лауазымды тұлғалардың бірнеше рет сыбайлас жемқорлық фактілері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың әлсіздігін көрсетеді. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты күшейту қажет. Бұл жерде формалды тәсілге жол бермеу керек, шараларды қабылдамағаны немесе тиісінше қабылдамағаны үшін бірінші басшылар жауапты», - деді Мұрат Төлеубаев.  

Серіктес жаңалықтары