COVID-19: Венесуэла ауруханалары науқастар легіне төтеп бере алар емес

COVID-19: Венесуэла ауруханалары науқастар легіне төтеп бере алар емес

COVID-19: Венесуэла ауруханалары науқастар легіне төтеп бере алар емес
ашық дереккөзі
254
Венесуэлада коронавирус жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Жергілікті ауруханалар науқастардың толассыз легіне төтеп бере алар емес. Елде індеттің өршуіне еңбек жағдайының нашарлығы мен медицина мамандарының жетіспеушілігі себеп. Қатерлі вирус жұқтырған науқастар өз бетінше емделуге мәжбүр. Оқшаулану ережелері дұрыс орындалмағандықтан, індетке шалдыққандар вирустың таралу ауқымын ұлғайтуда. Соңғы тәулікте Венесуэлада 300-ден астам адам коронавирус жұқтырған. Ал пандемия басталғалы індетке шалдыққандардың жалпы саны 90 мыңнан асты. Коронавирустан 700-ден аса науқас көз жұмды. Оның 220-сы – дәрігерлер мен медбикелер. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ДДСҰ әлемде бір апта ішінде вирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелгенін хабарлаған еді. Ұйым дерегінше, 7 күнде жаһан елдерінде 3 миллионға жуық адам індет жұқтырған. Ал АҚШ-та бір апта ішінде жарты миллионнан астам адамнан коронавирус анықталды. Бұл - пандемия басталғалы бергі рекордтық көрсеткіш.    

Серіктес жаңалықтары