Ұлттық банк теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді
ашық дереккөзі
225
Қазақстанның ұлттық валютасы тағы әлсіреп, 430 теңгеден асып кетті. Ұлттық банк валютаның айырбастау бағамына қатысты түсініктеме берді.  Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынхановтың айтуынша, теңгеге, ең алдымен, мұнай бағасының төмендеуі әсер етіп жатыр, деп жазады Sputnik Қазақстан. "Brent маркалы мұнай бағасы өткен жұмамен салыстырғанда 3%-тен астам төмендеді және бүгін бір баррель үшін 40,5 доллардан төмен деңгейге жетті.  АҚШ, Франция және Ресейді қоса алғанда, бірқатар елде COVID-19 жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты сұраныс баяулайды деген қауіп бар. Бағаның төмендеуіне осы ықпал етіп отыр. Ливия ұлттық мұнай корпорациясының мұнай өндіру деңгейін тәулігіне 1 миллион баррельге дейін қалпына келтіру туралы хабарламасы "қара алтын" бағасына қосымша қысым көрсетті", - деді ол. АҚШ-тағы шикі мұнай қорына қатысты жаңалық та мұнай бағасына әсер еткен. "Әлемдік қор нарықтары теріс сентиментті де көрсетеді. Экономиканы қолдау шаралары мен фискалдық шаралар топтамасы бойынша келіссөздердегі үзіліс, сондай-ақ, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы аясында АҚШ-тың акциялар нарығы сауда-саттықтың соңғы үш күнінде құлдырап жатыр. Еуропа нарықтары науқастардың көбеюіне байланысты енгізілген шектеу шаралары салдарынан төмендеуде", - делінген хабарламада. Осының аясында дамушы елдердің тәуекелді активтерге деген сұранысы төмендегені байқалады. Ұлттық банктің мәліметінше, жұмамен салыстырғанда Мексика песосы долларға шаққанда 0,7%-ке, Ресей рублі 1,5%-ке, Бразилия реалы 1,6%-ке, ал Түркия лирасы 2,9%-ке әлсіреді. "Түрік лирасының бағамы Түркия мен Францияның қарым-қатынасындағы шиеленістерге және орталық банктің негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз сақтау туралы шешіміне байланысты рекордтық минимумды жаңартты. Ресей рублі салық аптасы аяқталғаннан кейін және дамушы елдер нарығындағы жалпы үрдістен кейін әлсіреді", - деп атап өтті Тұрсынханов. Теңге бағамы сыртқы іргелі факторлардың әсерінен қалыптасты және энергия тасымалдаушылар мен дамушы елдер нарықтарындағы негізгі үрдістерге сәйкес келетін динамиканы көрсетеді, деп санайды ұлттық банк.  

Серіктес жаңалықтары