Алматы облысында карантин күшейтілді

Алматы облысында карантин күшейтілді

Алматы облысында карантин күшейтілді
ашық дереккөзі
266
Алматы облысында коронавирус жұқтырушылар санының артуына байланысты шектеу шаралары күшейтілді.  Облыстың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысына сәйкес, демалыс күндері тамақтану орындары мен сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынды. Орын саны 30-дан көп қоғамдық тамақтану нысандары мен мейрамханалардың, банкет залдарының қызметі тоқтатылады. Сондай-ақ, көрмелер, ойын-сауық орталықтары мен түнгі клуб, қорқор барлары, букмекерлік кеңселер, антикафе мен боулинг орталықтар, компьютерлік клубтардың қызметіне тыйым салынды. Демалыс және мереке күндері жабық жердегі азық-түлік базарлары мен азық-түлік сатпайтын базарлар да жұмыс істемейді. Айта кетейік, өткен тәулікте Алматы облысында 13 адамнан коронавирус анықталды. Пандемия басталғалы өңірде 5107 адам індет жұқтырды. Індеттен 62 науқас көз жұмды. Ал республика бойынша індетке шалдыққандардың жалпы саны 110 832-ге жетті. 106 мыңға жуық адам емделіп шықты. Дерті асқынған 1825 науқас қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары