Биыл Қазақстанда 24 радиотелевизия стансасы іске қосылады

Биыл Қазақстанда 24 радиотелевизия стансасы іске қосылады

Биыл Қазақстанда 24 радиотелевизия стансасы іске қосылады
ашық дереккөзі
190
Биыл елімізде 24 радиотелевизиялық станса іске қосылады. Бұл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Мәжіліс депуттарының сауалына берген жауабында айтылған. «Телерадио хабарын тарату саласында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру аясында спутниктік жəне эфирлік телерадио хабарын тарату қызметін енгізу бойынша біршама іс-шара жүзеге асырылуда. Мəселен, «OTAU TV» тікелей спутниктік хабар тарату қызметі бүкіл Қазақстан аумағын 100 пайыз қамтиды. Бұл қызметте қазіргі кезде 1,4 млн пайдаланушы тіркелген. Оның шамамен 80 пайызы - ауылдық елді мекендер. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телехабар таратуға кезең-кезеңімен көшу бойынша жұмыс жүргізілуде. ЦЭТХТ жобасына сəйкес 827 радиотелевизиялық станса салу жəне жаңғырту жоспарлануда», - деп атап өтеді министр. Оның атап өтуінше, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 518 РТС пайдалануға берілген. Бұл Қазақстан халқының 89,3 пайызын ЦЭТХТ-мен қамтиды. «2020 жылдың соңына дейін тағы 24 РТС іске қосылады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазіргі уақытта жоспарланған 183 ЦЭТХТ нысанының 118 РТС-і пайдалануға берілді. Жалпы халық саны 1,2 млн адамнан астам 625 елді мекенді қамтыды. ЦЭТХТ енгізілуімен республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтары деңгейінде тұрғындарға 30-ға жуық, ал облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекендерде 15-ке дейін телеарна қолжетімді болды», - деді Аида Балаева.  

Серіктес жаңалықтары