Шымкентте заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

Шымкентте заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

Шымкентте заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды
ашық дереккөзі
267
ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойыншаэкономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған алкоголь өнімдерін дайындаумен айналысатын жасырын цехтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Тексеру барысында көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркалары жабыстырылған 18 түрлі алкоголь өнімдерінің 6671 бөтелкесі, 15 тонна спирт, 67 есепке алу-бақылау маркасы, сұйықтықтарды араластыратынсорғы, алкоголь өнімдеріне арналған 146 бос қорап және 750 бос бөтелке, 500-ден астам қақпақша және 40 625 теңге ақша қаражаты анықталып, тәркіленген. Дайындалған алкоголь өнімдерінің әрі қарай Шымкент қаласының азық-түлік дүкендеріне өткізілетіндігі анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 233-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды (көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдану және өткізу). Қазіргі уақытта, қылмыстық іс шеңберінде осы іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды, тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде.  

Серіктес жаңалықтары