Тúrkistan газеті әлем қазақтарымен жүздесті

Тúrkistan газеті әлем қазақтарымен жүздесті

Тúrkistan газеті әлем қазақтарымен жүздесті
ашық дереккөзі
«Отандастар қоры», Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Тúrkistan халықаралық газеті бірлесе отырып, алыс-жақын шетелдерде тұратын қандастармен «Túrkіstan қандастарға төрін ұсынады» атты онлайн жүздесуі өтті. Zoom платфомасында өткен шараға Қазақстан Сыртқы істер минстрлігі Консульдық қызмет департаменті қазақ диаспорасымен жұмыс істеу басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасының орынбасары Еркін Үйсінбаев, «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеу халықаралық Тúrkistan газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай және әлемнің 30-ға жуық елінен қандастарымыз қатысты. Онлайн жүздесу барысында алыстағы ағайынмен рухани-мәдени һәм ақпараттық байланыс орнату мәселесі талқыланып, Тúrkistan газетінің қандастарға арналған Atajurt жобасы таныстырылды. Сонымен қатар, шетелдегі мәдени орталықтардың жетекшілері де өз ұсыныс пікірлерін айтты.  width= Еске сала кетейік, ел егемендік алғалы Қазақстанға 1 миллионнан астам (307 339 отбасы) қандасымыз көшіп келген. Елге оралған ағайынды қолдау мақсатында Nur Otan партиясы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар» қорының бірлесуімен Тúrkistan газетінде қандастарға арналған Аtajurt жобасы қолға алынды. Жыл басынан бері газет тілшілері Аtajurt жобасымен қандастар көп шоғырланған Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарына арнайы іссапармен барып, ондағы қандастарға қатысты өзекті мәселерді көтеріп келеді.