Мектеп кітапханаларының қоры ескірген әрі жұтаң – Президент

Мектеп кітапханаларының қоры ескірген әрі жұтаң – Президент

Мектеп кітапханаларының қоры ескірген әрі жұтаң – Президент
ашық дереккөзі
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп кітапханаларының кітап қоры көңіл көншітпейтінін айтты.  «Тағы бір маңызды міндет – мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалау және толықтыру. Қазір бұл кітапханалардың қоры ескірген әрі жұтаң. Әсіресе, көркем туындылар мен тартымды әдебиеттер тапшы. Қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер өте аз немесе мүлдем жоқ. Оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді», – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Президент оқу мәдениетін арттыру мәселесін кешенді түрде шешу үшін тілдік пәндер мен әдебиеттің оқу бағдарламаларын қайта қарау керегін айтты. Білім және ғылым министрлігіне осы мәселелермен мұқият айналысуды және нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Айта кетейік, бұдан бұрын Мемлекет басшысы ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайтынын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, Президент оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге төленетін жәрдемақы мөлшерін 2 есе арттыруды тапсырды. Үкімет бір айдың ішінде осы мәселені зерттеп, тиісті шешім қабылдауы тиіс. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында балаларды түрлі жәбірден, интернеттегі қудалау мен арандатудан қорғау үшін Ұлттық мониторинг механизмін енгізу мәселесін көтерді.