Балаларды қорғау: Ұлттық мониторинг механизмі енгізіледі

Балаларды қорғау: Ұлттық мониторинг механизмі енгізіледі

Балаларды қорғау: Ұлттық мониторинг механизмі енгізіледі
ашық дереккөзі
299
Балаларды түрлі жәбірден, интернеттегі қудалау мен арандатудан қорғау үшін Ұлттық мониторинг механизмін енгізу қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.  «Балаларды интернеттегі қудалаудан сақтау керек. Мәселені жүйелірек түсіну үшін Ұлттық мониторинг механизмін – балалардың амандығы индексін құрып, оны 2022 жылдан бастап енгізу қажет. Индексті енгізу жұмысы балалардың әртүрлі саладағы жағдайын жақсарту бойынша ұлттық саясаттың тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайтынын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, Президент оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге төленетін жәрдемақы мөлшерін 2 есе арттыруды тапсырды. Үкімет бір айдың ішінде осы мәселені зерттеп, тиісті шешім қабылдауы тиіс.

Серіктес жаңалықтары