Пәкістанда 30 адам теракт құрбаны болды

Пәкістанда 30 адам теракт құрбаны болды

Пәкістанда 30 адам теракт құрбаны болды
ашық дереккөзі
219
Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Кветта қаласындағы аурухананың бас қақпасында тіркелген теракт салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тапты.
Полицияның хабарлауынша, жарылыстан бірнеше ондаған адам жараланған. Жарылыс атыс кезінде оққа ұшқан белгілі адвокат Билал Кашидің денесін ауруханаға жеткізгеннен кейін іле шала болған. Шабуыл жауапкершілігін әзірге ешкім алған жоқ. Белужистан оңтүстік-батыс провинциясы үкіметінің баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, адвокат өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. 8 тамызда сотқа келе жатқан жолда атып өлтірілген адвокат Билал Кашиге кімнің тапсырыс бергені әзірге белгісіз.

Серіктес жаңалықтары