iTys енді iOS платформасы үшін де қолжетімді

iTys енді iOS платформасы үшін де қолжетімді

iTys енді  iOS платформасы үшін де қолжетімді
ашық дереккөзі
302

Тұңғыш қазақстандық мессенджер iTys-тың қолданысқа енгеніне көп бола қойған жоқ. Android операциялық жүйесінде тәжірибеден өтіп, өзінің тиімділігін дәлелдеген қосымша енді iOS платформасы үшін де қолжетімді болды.

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде iOS платформасына арналған iTys-тың таныстырылымы өтті.

20150331124052Өткен жылғы күзде Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев пен жоба жетекшісі Дәуіт Шайхисламов қосымшаны жүктеу Android операциялық жүйесі бар смартфондар үшін қолжетімді екенін хабарлаған болатын. «4 айдың ішінде еліміздіе және шетелдерде 200 мыңға жуық адам ұялы телефондарына iTys қосымшасын жүктеді. Бүгін енді iOS платформасына арналған жүйесін таныстырып отырмыз. Бұл қосымшаны жүктегендер күніне 3 миллионға жуық хат аламасып отыр»,– деді Азат Шәуеев.

Қазақ әліпбиінің барлық әріптері енгізілген iTys мемлекеттік тілде хабар алмасуға мүмкіндік береді. Бұл оны қазіргі кезде қолданыста жүрген белгілі мессенджерлерден даралап, әрбір қазақстандыққа арналған, толықтай ұлттық ІТ-өнім ретінде таныта алады. iTys қосымшасының ең басты ерекшелігі – оның ұлттық мәнерде айшықталған, мемлекеттік тілде қолдануға болатын эксклюзивті интерфейсі мен мәзірі. Мессенджердегі барлық смайликтердің қазақтың ұлттық нақышында жасалуы да тартымды. Қосымшаның тағы бір маңызды қыры– басқа мессенджерлер сияқты жүктеу үшін төлем талап етпейді. Кез келген адам оны iTys.kz сайтынан тегін жүктеп алып, тегін қолдана алады. Брифинг барысында қор директоры iTys-тың тағы бір ерекшелігін атап өтті. Мессенджерде жеке хаттардың құпиялылығын сақтауға мүмкіндік беретін хабарламаларды автоматты түрде өшіру функциясы бар екен. Төл өнім барлық жағынан бәсекеге қабілетті.

Серіктес жаңалықтары