4 оқушы коронавирус жұқтырды

4 оқушы коронавирус жұқтырды

4 оқушы коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 жағдайдың барлығы Орал қаласында анықталып отыр. Соның ішінде екеуі бір отбасынан, олар Орал қаласындағы №9 орта мектептің кезекші бірінші және үшінші сыныптарында оқиды. Қалған екеуі – қашықтан оқып жатқан дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы облыстық мектеп-интернаты кешені мен №9 орта мектептің 6-сынып оқушылары. «Барлық төрт бала коронавирусты ата-аналары мен туыстарынан жұқтырған. Қазіргі уақытта оқушыларда клиникалық белгілер жоқ, амбулаторлық ем алуда», – деп хабарлады білім басқармасынан.