288
Мұнайдың бағасына алыпсатарлықтың әсері бар ма?
Мұнайдың бағасына алыпсатарлықтың әсері бар ма?
Мұнайдың бағасы 1 баррелі 52 доллардан болуы алыпсатарлық сипатқа ие болуы мүмкін. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.
«2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында мұнай бағасы бір баррель үшін 28 доллардан 52 долларға дейін көтерілді.
Бұл өсім әлемдік экономикаға қатысты жағымсыз болжамдар аясында біздің ойымызша тұрақсыз сипатқа ие болды және тіпті алыпсатарлық сипатқа да ие болған болуы мүмкін.
2016 жылдың шілде айында жағдай өзгерді. Мұнай бағасы бір баррель үшін 52 доллардан 42 долларға дейін тұрақты түрде төмендей берді. Бір ай ішінде 19 пайызға, ал соңғы екі аптада 15 пайызға арзандады», – деді Д. Ақышев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, теңгенің қазіргі айырбас бағамы ішкі және сыртқы экономикалық факторларға байланысты қалыптасқан.
«Теңгенің бағамы 2016 жылдың ақпан айынан бастап, күні бүгінге дейін – 15 пайызға, яғни 1 рубль үшін 4,6 теңгеден 5,3 теңгеге дейін әлсіреді. Ал енді, біздің ойымызша, қазіргі таңда теңгенің Ресей рубліне қатысты нығаю әлеуеті жоғары. Егер ішкі және сыртқы экономикалық факторлар сақталатын болса, теңгенің қазіргі айырбас бағамы сақталады. Алайда, егер, мұнай бағасы бір баррель үшін 35 доллардан төмен түсетін болса, ал Ресей рублінің бағамы 1 АҚШ доллары үшін 70 рубльден асатын болса, онда теңге бағамында да өзгерістер орын алуы мүмкін», – деді Д. Ақышев.