2016-2017 оқу жылының демалыстарына өзгеріс енді

2016-2017 оқу жылының демалыстарына өзгеріс енді

2016-2017 оқу жылының демалыстарына өзгеріс енді
ашық дереккөзі
253
  ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 шілдедегі бұйрығымен  орта білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылының басталатын уақыты және оқу барысындағы каникулдар ұзақтығы белгіленді. Бұйрықта атап көрсетілгендей, 2016 жылдың 1 қыркүйегінде бүкіл қазақстандық мектептерде, меншік нысандарына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, 2016/2017 оқу жылы басталады. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында 32 оқу аптасын, 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2-11 (12)-сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды. Оқу жылы барысындағы каникулдар ұзақтығы мен күні белгіленді. Оқушылардың күзгі демалысы 7 күнге созылады (2016 жылғы 31 қазаннан – 6 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2016 жылғы 30 желтоқсаннан – 2017 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 13 күн (2017 жылғы 21 наурыздан – 2 сәуірді қоса алғанда). Мектепалды сыныптарда көктемгі каникул 15 күнге созылады (2017 жылғы 21 наурыздан – 4 сәуірді қоса алғанда).  Сондай-ақ, мектепалды даярлық сыныптарының оқушылары мен 1-сынып шәкірттеріне қосымша 7 күн (2017 жылғы 1 ақпаннан 7 ақпанды қоса алғанда) каникул белгіленеді. Жазғы каникулдың басталу күні мен созылу мерзімі 2016-2017 оқу жылының аяқталуы жөніндегі министрлік бұйрығында белгіленеді. 2016 жылғы 1 қыркүйекте барлық мектептерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын болады.  Сонымен қатар бүкіл Республика бойынша «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде «Мен өз Отанымның патриотымын» бірыңғай білім беру сабағы өткізіледі.  

Серіктес жаңалықтары