Трактор құрастырумен айналысатын зейнеткер

Трактор құрастырумен айналысатын зейнеткер

Трактор құрастырумен айналысатын зейнеткер
ашық дереккөзі
Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылының тұрғыны, ұзақ жыл энергетика саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан Жақсылық Отаубеков техника құрастырумен әуестенеді.         Бүгінде шағын бақшаларды баптайтын трактор құрастырып, қосымша құрылғыларын да жасап шығаруда. Жаңар-жағар майды барынша аз шығындайтын тракторлар бүгінде көрші аудандардың шаруаларының қызығушылығын туғызуда.           Таяуда Бәйдібек ауданына арнайы тапсырыспен құрастырылған бір шағын трактор аттанған. Алты жылқының күші бар техникалар төрткүлдік дихандардың қажетіне жарап тұрған көрінеді. Әсіресе, ұсақ шаруашылықтар еккен өнімін дәрілеуде, жерін тырмалауда және жүйек салуда Жақсылық Отаубековтың көмегіне жүгінеді.