90-нан астам футбол төрешісі және көмекшісі ұсталды

90-нан астам футбол төрешісі және көмекшісі ұсталды

90-нан астам футбол төрешісі және көмекшісі ұсталды
ашық дереккөзі
241
Түркияда діни қайраткер Фетхуллах Гүленге байланысы бар деген күдікпен 90-нан астам футбол төрешісі және көмекшісі қамауға алынды. Билік Гүленді 16 тамызда мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынды деп айыптап отыр. Түрік телеарнасы бүлік болған түні бүлікшілер тартып алған тікұшақтың Стамбулдағы "Бешікташ" футбол клубының стадионына қонғанын көрсетті. Бұдан алдын – сейсенбі күні Анкарадағы Гүлхан әскери госпиталінің 50 қызметкері ұсталған еді. Елдегі ең беделді емхананың тағы 50 қызметкерін қамауға ордер берілді. Анкарада сөйлеген Эрдоған әскерді қайта жасақтамаса, Гүлен жақтастары тағы да әскер қызметкерлерін өз жағына тартып алуы мүмкін деп мәлімдеді. Төтенше жағдайды пайдалана отырып, президент Қарулы күштердің Бас штабын өзіне бағындыру туралы конституциялық түзетулер қабылдағысы келеді. Түркияда сәтсіз бүліктен кейін 10 мыңнан астам адам қамауға алынды, шамамен 70 мың мемлекеттік қызметкер, полиция және әскер қызметкері жұмыстан шығарылды немесе қызметтен шеттетілді.  

Серіктес жаңалықтары