317
Алтын ұрлап, шетелге сатқан қылмыстық топ ұсталды
Алтын ұрлап, шетелге сатқан қылмыстық топ ұсталды
ІІМ қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Polisia.kz.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Ақмола облысының кәсіпорындарында шикізат ұрлаудың қалыптасқан схемасын қолданған. Шикізат алдымен жасырын шағын цехтарда өңделіп, содан соң елден шығарылып отырған.
Арнайы операция барысында полицейлер контрабанданың ірі арнасын жойып, 10 адамды ұстады. Айғақ заттар алынып, техникалық құралдар тәркіленді.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған бап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздеген. Жедел тергеу шаралары жалғасуда.