Олимпиадашылар қосымша допинг-сынақтан өтіп жатыр

Олимпиадашылар қосымша допинг-сынақтан өтіп жатыр

Олимпиадашылар қосымша допинг-сынақтан өтіп жатыр
ашық дереккөзі
148
Допингпен күрес және қазақстандық спорт имиджін қорғау мақсатында Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы ойындарында спорттың 26 түрінен сынға түсетін 104 қазақстандық спортшы Олимпиада алдында допинг-сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлады Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі. «Қосымша допинг-сынақтар 20 шілде күні басталды және 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл сынақ ҚР Ұлттық олимпиадалық комитет президенті Тимур Құлыбаевтың және ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының тапсырмасымен өткізіліп жатыр», - деп түсіндірді ҰОК. Әділ нәтиже алу үшін алынған сынамалар Дрезден (Германия) қаласында орналасқан тәуелсіз Әлемдік антидопинг агенттігіне (WADA) жіберілді. «Спортшыларды қосымша сынақтан өткізуді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «спортты қолдау қоры» корпоративтік қоры қаржыландырды. Егер қолайсыз нәтижесі бар сынамалар анықталса, спортшыға ұлттық деңгейде қатаң шаралар қолданылады. Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті Халықаралық Олимпиада комитетінен (ХОК) хат алды. Құжатта қазақстандық тараптың спорттағы допингпен күреске бағытталған бұл шарасын ХОК қолдайтыны жазылған», - деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі. ҚР ҰОК және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі допинг қолдануға қарсылық білдіріп, таза спортшыларды қорғайтын ХОК және WADA саясатын қолдайды.

Серіктес жаңалықтары