Оннан астам имам істі болды
Оннан астам имам істі болды
Тәжікстанның Соғды облысында биылғы жылдың алғашы жартысында 16 имам мен жергілікті мешіттердің қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалды. Оларға Тәжікстанда тыйым салынған «Ағайынды мұсылмандар» діни қозғалысына қатысқан деген айып тағылды.
Бұл туралы Соғды облысының ішкі істер министрлігі басқармасының басшысы Шариф Назарзода хабарлады. Оның айтуынша, облыста жарты жылда шамамен 130 адам тыйым салынған ұйымдарға қатысы бар деген күдікпен ұсталған.
«Ағайынды мұсылмандар» - 1928 жылы Египетте құрылған діни-саяси ұйым. 2013 жылы Египеттің исламшыл президенті Мохаммед Мурси биліктен тайдырылған соң, осы қозғалыс бұл елде террорлық ұйымдар санатына енгізілді. Бұл ұйымға Тәжікстан 2006 жылда тыйым салды.
Өткен айда Тәжікстандағы сот жеті имамды «Ағайынды мұсылмандар» қозғалысының идеяларын насихаттағаны үшін түрлі мерзімдермен түрмеге отырғызды. Ай басында Тәжікстанның күш құрылымдары «Ағайынды мұсылмандар» қозғалысының тағы бір мүшесін ұстағанын хабарлады.