Білім басқармаларының басшылары жеке телефон нөмірін жариялады

Білім басқармаларының басшылары министр Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша жеке телефон нөмірлерін жариялады.

«Әрбір білім бөлімінің немесе білім басқармасының басшысы туындаған мәселелерді өз деңгейінде уақытылы және сапалы шешуі қажет. Өңірдегі салаға қатысты барлық жағдайдан хабардар болып, халықтың сұрағына дер кезінде жауап беруі тиіс. Сондықтан басшылардың барлығына өз WhatsApp нөмірлерін жариялап, келіп түскен сұрақтар мен туындаған мәселелер бойынша шешімдерді шұғыл қабылдау тапсырылды», – деп жазды А.Аймағамбетов Facebook парақшасында.

Барлық 17 өңірдің Білім басқармалары басшыларының байланыс нөмірін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің әлеуметтік желідегі парақшасынан көре аласыз.

 

Back to top button