10 мың жас тұрақты жұмысқа орналасты

10 мың жас тұрақты жұмысқа орналасты

10 мың жас тұрақты жұмысқа орналасты
ашық дереккөзі
201
«Жастар практикасы» аясында 10 мың жас тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелер жөніндегі басқармасы жастармен және жастар қоғамдық бірлестіктерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Мұхтар Сейтжапбаров мәлім етті. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жастарымыздың барынша дамуына көптеген жағдайлар жасалынды. Мәселен елімізде жастардың жан-жақты дамуы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту мақсатында түрлі мемлекеттік  бағдарламалар жасалуда. Олардың бірі 2011 жылдан бастау алған «Жастар практикасы» бағдарламасы»,-деді спикер. Аталған бағдарлама бойынша бүгінгі күнге дейін облыста 24 775 жас жұмысқа тартылып, оның 10 мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал жыл басынан бері  Жастар практикасын ұйымдастыруға 1 361  жұмыс берушілермен келісім-шарттар түзіліп, нәтижесінде 4069 жас жұмысқа тартылды. Баяндамашының айтуынша, Тәуелсіздік алған уақыттан бері облыс жастарының саны 200 мыңға өсті. Яғни 1991 жылы өңірде 14-29 жас аралығындағы  жастар саны 502 мыңға жуық болса, осы  жылы 767 963 жасты құрап отыр. Бұл еліміздегі бірқатар облыс тұрғындарының жалпы санымен салыстырғанда әлдеқайда артық. Сонымен қатар, Мұхтар Сейтжапбаров студент жастардың жазғы мезгілде бос уақыттарын тиімді өткізу үшін әрбір аудан, қалада «Студенттік құрылыс жасақтары» мен «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмыс істеп жатқанын айтты. Ол өз сөзінде соңғы 3 жылда қайтадан жанданған студенттік құрылыс жасақтарына облыстағы 1358 жас тартылғанын, ал биыл бұл бағытта  500 жас жазғы еңбек жұмысына жұмылдырылғанын жеткізді. Сондай-ақ, «Жасыл ел» еңбек жасақтарына 2004 жылдан бері 12 мыңнан аса жас жазғы еңбек маусымында жұмыс істесе, 2016 жылы 686 студент жазғы маусымдық жұмыста еңбек етуде.  

Серіктес жаңалықтары