Мемлекет басшысы екі жаңа ведомство құру туралы Жарлыққа қол қойды

Сондай-ақ!

Орыс халық аспаптары оркестрі Димашқа ерекше сый жасады (видео)

«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық аспаптарында орындады, деп хабарлайды Dimashnews. «Березка» ансамблінің мүшесі Светлана Закуновның айтуынша, «Әлқиссаны» Димаштың...

Қазақстандықтар Африка халқына тағы бір құдық салып берді (видео)

Атыраудағы «Білім-Инновация» (қазақ-түрік лицейі) лицейінің 2005 жылғы түлектері африкалық Малави мемлекетіндегі ауылдардың бірінде өз қаражаттарына ауыз су құдығын орнатты, деп хабарлайды «Ақ  Жайық» басылымы....

Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді. Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Barrel» жедел алдын алу шарасы шеңберінде 2018-2020 жылдар...

Қабатовтың көлігімен кісі өлтірген көмекшісі енді әзілкештің әйеліне тиесілі көлікпен ереже бұзды (видео)

Осыдан біраз уақыт бұрын танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен оның көмекшісі адам қағып өлтіргені жайлы ақпарат тараған еді. «Кокшетау Азия» порталының сюжетіне сүйенсек, дәл...

Қасым-Жомарт Тоқаев екі жаңа ведомство құру туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылсын, оған стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік статистикалық қызмет салаларындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика  министрлігінің  функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, мынадай:

реформаларды жүзеге асыру тәсілдерін, реформаларды жүзеге асыруға қажетті, сондай-ақ олардың іске асырылу барысын мониторингтеу мен бағалау  бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;

мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындау кезінде, сондай-ақ оларды келісу, іске асыру барысын мониторингтеу мен бағалау бойынша мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін үйлестіру;

мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын келісу;

елдің дамуы мен халықаралық ахуалды стратегиялық болжамдау мен  талдау жүргізу;

ведомстволық статистика саласындағы жұмысты  үйлестіру;

орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер берілсін;

2) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылсын, оған тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің  функциялары мен өкілеттіктері берілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетін тиісті штат санымен бірге Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің қарауына беріп, оны кейіннен Ұлттық статистика бюросы етіп қайта құруды;

3) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып айқындалсын.

4. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту  туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы
11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесі:

мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі»;

«Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі».

5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір ай мерзімде:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:

құрылған Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар мен  Қазақстан  Республикасының  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің төрағаларымен бірлесіп, құрылған агенттіктер мен олардың құрылымдары туралы ережелердің жобаларын;

Қазақстан  Республикасының  Үкіметімен  бірлесіп, қайта  ұйымдастырылатын  мемлекеттік  органдардан штат санын құрылған агенттіктерге қайта бөлу, сондай-ақ олардың қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөнінде ұсыныстар енгізсін;

2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Екібастұз маңында бір топ аққуды атып тастаған қаскөй іздестірілуде

Екібастұз маңында белгісіз қарақшы бір топ аққуды атып тастаған, деп хабарлайды "Информбюро". Бағдарлама...

Орыс халық аспаптары оркестрі Димашқа ерекше сый жасады (видео)

«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық...

Қазақстандықтар Африка халқына тағы бір құдық салып берді (видео)

Атыраудағы «Білім-Инновация» (қазақ-түрік лицейі) лицейінің 2005 жылғы түлектері африкалық Малави мемлекетіндегі ауылдардың...

Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді. Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы...

Қабатовтың көлігімен кісі өлтірген көмекшісі енді әзілкештің әйеліне тиесілі көлікпен ереже бұзды (видео)

Осыдан біраз уақыт бұрын танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен оның көмекшісі адам...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...