Түркістан облысында жауған жаңбыр мөлшері 20 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

Еліміздің кейбір өңірлерінде жауын-шашын мөлшері бойынша рекордтық көрсеткіштер тіркелді деп хабарлайды «Қазгидромет».

Қазақстанның солтүстік бөлігінде, сондай-ақ еліміздің орталығы, шығысы мен оңтүстік-шығысындағы жекелеген аудандарда температура тамыз айында нормадан 1-3°С-қа жоғары болған. Ал еліміздің батысында және оңтүстік-батысында (Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары) кей жерлерде нормадан 1-2°С төмен болған.

Сонымен қатар ел аумағының басым бөлігінде түскен жауын-шашын мөлшері көпжылдық мәндер шамасында өзгерген. Мәселен, Қазақстанның солтүстік-батысында, батысында және оңтүстігінде нормадан 1-4 есе көп жауын жауған. 6 тамызда бір түн ішінде Маңғыстау облысының Ақтау метеостанциясында 66 мм жауын жауып, ол айлық нормадан 11 есе асып түскен (бір айдағы норма 6 мм). Бұл көрсеткіш бақылау тарихында рекордтық болды.

Қызылорда облысында Шиелі метеостанциясында 1 тамызда 17 мм жауын-шашын түскен. Бұл айлық нормадан 8 есеге (айылқ норма 2 мм) артық. Осылайша бұл станцияда да рекордтық көрсеткіш тіркелген.

Түркістан облысының Қазығұрт метеостанциясында 26 тамызда 15 мм жауын-шашын түскен. Бұл аймақ үшін айлық норма 4 мм. Алайда бұл жолы шамамен 4 айлық жауын-шашынның мөлшері тіркеліп, 20 жыл бұрынғы яғни 2001 жылғы тіркелген рекордтты жаңартқан.

Back to top button