Мәдениет саласындағы Елбасы стипендиясының көлемі ұлғайды

Президент жарлығына сәйкес, қазақстандық мәдениет қайраткерлері 152 790 теңге көлеміндегі Елбасы стипендиясын алады.

Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев 2000 жылдың 3 сәуіріндегі «Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» жарлыққа өзгеріс енгізді.

«Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын», – деп жазылған Ақорда сайтында жарияланған жарлық мәтінінде.

Бұған дейін стипендия көлемі 20 айлық есептік көрсеткішке тең болатын.

 

 

Back to top button