COVID-19: Үндістан індеттің таралуы жөнінен әлемде екінші орынға шықты

COVID-19: Үндістан індеттің таралуы жөнінен әлемде екінші орынға шықты

COVID-19: Үндістан індеттің таралуы жөнінен әлемде екінші орынға шықты
ашық дереккөзі
Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 4,2 миллионнан асып, мемлекет бұл көрсеткіш жөнінен әлемде екінші орынға шықты. Елде өткен тәулікте 90 802 адамнан коронавирус анықталып, рекорд жаңарды. Осылайша бұған дейін әлемде үшінші орында тұрған Үндістан Бразилияны басып озып, АҚШ-тан кейінгі екінші орынға көтерілді. Мемлекетте індеттің таралу қарқыны күннен-күнге артып барады. Еске сала кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 27 миллионнан асты. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша, індет құрбандарының саны 883 342-ге жетті. Өз еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, өткен тәулікте Қазақстанда 60 адамнан коронавирус анықталды. Бүгінде ел стационарларында 5 мыңнан астам адам ем қабылдауда. Оның ішінде 140 науқастың жағдайы ауыр.