4 Қыркүйек, 15:03 650 0 Жаңалықтар Арайлым Бимендиева

«Ашық жүрек» жобасы еріктілерге гранттар ұсынады

Бүгін еріктілерге жаңа мүмкіндік беретін «Ашық жүрек» жобасы таныстырылды. Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсырысы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асырылады. Жобаның мақсаты – тұрғындар арасында еріктілердің жұмысын насихаттау, олардың бастамаларын қолдау. 

Жоба аясында 107 грант бөлінеді, оның ішінде құны 300 мың теңге болатын 56 грант еліміздің барлық аймағы бойынша, ал 42 грант 14 облыстағы еріктілер мен еріктілер ұйымдарына берілмек. Ал құны 500 мың болатын 9 грант  республикалық маңызы бар қалалардағы еріктілер мен еріктілер ұйымына  ұсынылады. Айта кетсек, жобаға қатысқысы келетін азаматтар liga.org.kz платформасына тіркеліп, өтініш беру керек.

«Ашық жүрек» жобасы аясында Қазақстанның еріктілер қозғалысы жаңа 20 мың бастамашыл еріктіні қатарға қосуға ниетті. Сондай-ақ бұл жоба аясында өңірлерде еріктілердің жаңа 17 үйлестіру орталығы ашылады.

Соңғы жаңалықтар