477
Головкин Альвареспен кездеспес бұрын ең кемі үш жекпе-жек өткізеді
Головкин Альвареспен кездеспес бұрын ең кемі үш жекпе-жек өткізеді
К2 Promotions промоутері Том Леффлер WBA/WBC/IBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2017 жылдың күзіне жоспарланған Сауль «Канело» Альвареспен кездесуіне дейін үш рет шаршы алаңға шығуы ықтимал, деп хабарлады Sports.kz.
Леффлердің сөзіне қарағанда, қыркүйектегі Геннадий мен Келл Брук жекпе-жегінен кейін, қараша немесе желтоқсан айында GGG тағы бір жекпе-жегін өткізу жоспарланған. Бұдан кейін Головкин 2017 жылдың алғашқы 4 айында шаршы алаңға оралады деп күтілуде. Қазақстандықтың қарсыластары әзірге белгісіз, алайда WBA Головкинге өз титулын Дэниэл Джейкобстан қорғау талабын қоюы мүмкін.
«Геннадий Канеломен кездесуге дейін шамамен үш жекпе-жек өткізеді», - деді Леффлер Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.