Берлиндіктер де шеруге шықты

Берлиндіктер де шеруге шықты

Берлиндіктер де шеруге шықты
ашық дереккөзі
214
Берлин қаласының тұрғындары Германия үкіметінен коронавирусқа байланысты жыл соңына дейінгі шектеулерді тоқтатуын талап етіп, шеруге шықты. Бұл туралы ӨзА хабарлайды. Бұған дейін Германия елдегі қоғамдық іс-шараларға тыйым салуды 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуды ұйғарған болатын. Оған көпшілікке арналған фестивальдер, спорттық шараларға көрермендердің келуі, үлкен концерттер, көшедегі, ауылдардағы және қалалардағы мерекелер жатады. Жабық аймақтардағы жеке іс-шараларға қатысушылардың саны 25 адамнан, ал жеке емес аудандарда 50 адамнан аспауы керек делінген. Ал Германия азаматтары бұл шектеулерге наразы екенін білдіріп бүгін Берлин көшелеріне митингке шықты. Алдын ала бұл шерудің болатынын білген билік оған қарсы әскери тосқауылдың әрекетін жасап 3 мыңдай жасақты тік тұрғызғаны айтылады Eurasia Daily ақпарат агенттігі берген мәліметте.

Серіктес жаңалықтары