Премьер-Министр Ата заңның 25 жылдығымен құттықтады

Премьер-Министр Ата заңның 25 жылдығымен құттықтады

Премьер-Министр Ата заңның 25 жылдығымен құттықтады
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, – деп жазды primeminister.kz. «Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға – Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды. Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін! Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин», – деп жазған ол құттықтау хатта.