Шәкеевті тікұшақпен іздеуде

Шәкеевті тікұшақпен іздеуде

Шәкеевті тікұшақпен іздеуде
ашық дереккөзі
211
Алматыда із-түзсіз жоғалған Сафар Шәкеевті іздеушілер Есентай өзенінің арнасын тексеруді жалғастыруда. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде қосымша күштер мен ресурстар тартылған.  «Қазіргі таңда әуеге бір авиация техникасын көтеру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ол бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Тікұшақ Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағын аралап ұшады. Осылайша, Есентай өзеніне іргелес жатқан су айдындарының бойын қарап шығуға қол жеткіземіз. Кейін, бейнебақылау камерасынан алынған деректерді мұқият зерттейміз. Біз бұған дейін атты жасақ туралы айтқан болатынбыз. Іздеу шарасына барлығы бес ат пайдаланылуда. Аттар арқылы іздеу шараларын жедел полиция қызметкерлері мен учаскелік қызметкерлер жүзеге асырып жатыр. Олар шығуы қиын таулы жерлерді аралап жүр. Одан басқа, өзен арнасында сүңуірлер де іздеу шараларын жүргізуде», - деді Алматы қалалық ІІД Криминалды полиция басқармасының бастығы әрі іздеу шараларының жетекшісі, полиция подполковнигі Жанболат Зиадин. Естеріңізге салсақ, 1991 жылы туған Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны жайлы арыз 16 шілде күні кешке 22:0-де Медеу аудандық Ішкі істер басқармасына келіп түсті. «Іздестіру өндірісі аясында біздің бөлімше мен Алматы қалалық ІІД Криминалды полиция басқармасы өкілдерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сондай-ақ, іздеу шараларына 15 шақты учаскелік полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Қазіргі таңда Сафар Шәкеевтің өмір сүру салты мен соңғы уақытта оның араласып жүрген таныстары тексеріліп жатыр. Қазір, із-түссіз жоғалған Сафар Шәкеевті іздеу шараларына барлығы 50 шақты полиция қызметкерлері тартылған», - деді Медеу аудандық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.  

Серіктес жаңалықтары