Путин Рио олимпиадасының ашылуына бармайды

Путин Рио олимпиадасының ашылуына бармайды

Путин Рио олимпиадасының ашылуына бармайды
ашық дереккөзі
210
Ресей президенті Владимир Путин Рио-де-Жанейрода басталатын Олимпиада ойындарының ашылуына бармайды. Бұл жөнінде оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады. Ол мұны «жұмыс кестесінің тығыздығымен» түсіндірді. Песков Кремльдегілер Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) ресейлік шенеуніктерге Бразилиядағы ойындарға қатысуға, әсіресе спорт министрі Виталий Муткоға рұқсат бермегеніне өкінеді деді. Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода 5-21- тамыз аралығында өтеді. Кеше ХОК Ресейдің барлық спортшыларын ойыннан шеттетпеу жөнінде шешім шығарды. Тек осыған дейін допинг қолданған спортшыларды ғана қатыстырмайды. Сонымен бірге допинг жанжалына қатысы бар шенеуніктерге де аккредитация бермеді. Мұның алдында халықаралық жарыстарда ресейлік жеңіл атлеттерді жарыстардан шеттеткен. Осы жолы суға секірушілер, жүзушілер және тенисшілер олимпиадаға қатысады. 18 шілдеде жарияланған Бүкілдүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) баяндамасында ресейлік допингке қарсы зертхана спортшылардың тыйым салынған препараттарды қолданғанын қасақана жасырып келгенін, әрі бұл іске Ресейлік ФСБ-ның қатысы барын айтқан.

Серіктес жаңалықтары