А.Мырзахметов: Кредит алу үшін – кәсіпкерлікті рәсімдеу керек

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов қатысуымен Атырау облысы ауыл шаруашылығының ағымдағы жағдайы және даму перспективалары мәселелері бойынша өткен кеңесте сүт қабылдау пункттері мәселесі назарға алынды.

«Сүт қабылдау пункттерін АШК базасында құру қарастырылады. ЖҚШ кредит алуы үшін міндетті талап — жеке кәсіпкерлігін ашуды рәсімдеу», — деп атап өтті ол.

«КазАгро тарапынан сүт қабылдау пунктіне кредит және лизинг ұсынылатын болады. Яғни, салқындатқыш танкерлер, көмекші жабдықтар, сүт тасығыш автомашина, айналымдық қаражаттар», — деді А.Мырзахметов.

Дегенмен де, оның айтуынша, ауылдық округ әкімдіктері құрылатын кооперативтердің құрылтайшы құжаттарын тіркеуді ұйымдастыру және рәсімдеумен айналысуы керек.

Айта кетейік, таяуда А.И.Мырзахметов жұмыс сапарымен Атырау облысына келген болатын. Мұның алдында министрдің төрағалығымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің Атырау облысы халқымен кездесуі болып өтті.

Сондай-ақ А.Мырзахметов шаруашылық жүргізудің шағын формаларын дамытуды ұсынды.

Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Атырау облысы ауыл шаруашылығының ағымдағы жағдайы және даму перспективалары мәселелері бойынша өткен кеңесте сүт қабылдау пункттер желісі мен отбасылық бордақылау алаңдарын құру керектігін айтты.

«2015 жылдың қорытындысы бойынша республикада 675 мыңнан астам адам жеке қосалқы шаруашылық жүргізумен айналысады. Сүт және еттің 70-80%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Алайда, мал шаруашылығы өнімдерінің аталған көлемі өнімдерді дайындау және өткізу мәселелерінің шешілмеуіне байланысты қайт өндеуге жеткізілмейді, осының салдарынан қайта өндеуші кәсіпорындар тек 60 %-ы ғана жүктелген», – деді ол.

Back to top button