Моңғолияның Хүннү Эйр әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейс ашады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада «Шекара ашылып, ұшуға мүмкіндіктер жасалған кезде біз Улаанбаатар – Алматы – Улаанбаатар бағытына тікелей жолаушы тасымалдауды бастаймыз. Сондықтан қазірден бастап дайындық жұмыстарын жасап жатырмыз», – делінген. Хүннү Эйр әуе компаниясы Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен шетелдік тамымалдаушының тіркеу туралы куәлігін алған.
Жүктелуде...