Түркістандағы әуежай құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады

Түркістандағы әуежай құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады

Түркістандағы әуежай құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады
ашық дереккөзі
Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында мәлім болды, – деп хабарлайды Ақорда. Сапар аясында Президент Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Осы шара барысында Қазақстан Президентіне Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы жайында ақпарат беріліп, әуежай құрылысының жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетіні айтылды. «Түркістан – қазақтың алтын бесігі, рухани орталығы, түркі әлемін біріктіретін киелі мекен. Екі жылда Түркістан облысының экономикасы мен әлеуметтік саласын қалпына келтіру үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Стратегиялық маңызды осы өңірдің болашағы зор екеніне сенімдімін», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.