Швейцариядағы қандастар дәрігерлерге арналған стипендия жариялады

Швейцариядағы қандастар дәрігерлерге арналған стипендия жариялады

Швейцариядағы қандастар дәрігерлерге арналған стипендия жариялады
ашық дереккөзі
217
Швейцариядағы қандастардың «KAZAKH – SWEISS ASSOCIATION BIRLIK» бірлестігі «UNITED FOR HEALTH» стипендиялық бағдарламасын жариялады. Стипендияға Қазақстандағы медицина студенттері, жас дәрігерлер мен өзге де мамандық иелері үміткер бола алады. Пандемия кезінде халық денсаулығын қорғап, алдыңғы шептен көрінген 18 бен 35 жас аралығындағы 45 азаматқа 100 мың теңге көлеміндегі бір реттік қаржылай көмек беріледі. Шәкіртақы волонтерлік, академиялық, ғылыми, кәсіби, қоғамдық әрі волонтерлік іс-әрекеттерді ынталандыруға бағытталады. Қатысушылар еліміздің әр өңірінен анықталады. Өз бетімен өтініш тапсыру үшін:
  • Мына сілтеме бойынша онлайн-өтініш толтыру;
  • Үміткердің жеке куәлігінің көшірмесін тіркеу;
  • «Пандемияның Қазақстандағы сын-қатерлерін жеңудегі менің үлесім» тақырыбына қазақ немесе орыс тілінде жазбаша үндеуді тіркеу (үндеу жеке немесе ұжымдық тәжірибеге негізделген жобалар мен бастамалардың идеяларын қамтуы тиіс);
  • Сертификат, анықтама, жарияланым, ұсыным хат секілді қосымша құжаттар және әлеуметтік белсенділік пен волонтерлікті растайтын сілтемелерді тіркеу керек.
2020 жылы 31 тамызға дейін өтініштер қабылданып, қыркүйек айында қорытынды нәтиже хабарланады. Сұрақтар бойынша birlikswiss@gmail.com  почтасына хат жазып, біле аласыздар.

Серіктес жаңалықтары