– Праймеризден өтіп, мәслихат мандатын алған соң қалаңызға қандай қызметтер атқарамын деп отырсыз? Мақсат, жоспарыңыз бар ма?
– Қалалық мәслихатқа сайланып жатсам, ол мен үшін зор мүмкіндік. Мен оны аброй-мансап деп ойламаймын. Мені праймеризге қоғам ұсынды. Сондықтан мен қоғаммен мемлекет арасындағы алтын көпір, берік дәнекер болғым келеді. «Тыңдаушы үкімет» деген сөз шықты кезінде. Расымен де халықтың мұң-мұқтажы дер кезінде жоғарыға жетуі керек. Қоғам белсенділерімен биіктің, бұқараның арасында байланыс орнатып, бір-бірне жақындатумыз қажет. Дәл қазіргі уақытта қоғамен билік арасына тығыз байланыс керек.
Сонымен қатар біздің солтүстік өңірде де қордаланған мәселелер көп. Одан бөлек әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеміз. Сол қоғамдық жұмысымызды одан ары жалғастыра бермекпіз.
Сондай-ақ, Ертіс-Баян өңірінің әдебиет, мәдениет және руханият саласына да өз үлесімді қоссам деген жоспарларым бар.
– Праймериз жастарға жаңа мүкіндік пен белестердің бастпалдағы деген пікір бар. Алайда праймериз қаншалықты әділ өтеді деп сенесіз?
– Праймериз, размен де белестердің баспалдағы және жаңа мүмкіндік десек болады. Бұл жолғы сайлау ашық, айқын барынша әділ өтеді деп ойлаймын. Праймеризді мен биліктегі азаматтардың жаңашылдығы деп білемін. Қарпайым елдің сөзін ұға алатын, түйткілді мәслелерді ашық көтере алатын, қазақ тілді азаматтарды қажет етіп отырғанын аңғарып жатырмыз. Бұл да бір оң өзгерістердің басы.
Жиналыста бас шұлғып, үнсіз қол көтеріп отыра беретін шенеуніктерден қоғам да біз де мезі болдық. Сондықтан паймериз – өз ойын ашық айта алатын, жасампаз жастарға жаңа мүмкіндік береді деп сенемін.
– Іске сәт, табыс тілеймін!
Сұхбаттасқан Бақытбек ҚАДЫР