Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 103 мыңнан асты

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 103 мыңнан асты

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 103 мыңнан асты
ашық дереккөзі
Елімізде өткен тәулікте 337 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. «Коронавирус бойынша 16 тамыз сағат 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай: Қазақстанда өткен тәулікте 337 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 172 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді», –делінген ақпаратта. Өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 34 / 12 Алматы қаласы - 51 / 31 Шымкент қаласы - 4 / 2 Ақмола облысы - 24 / 15 Ақтөбе облысы - 2 / 2 Алматы облысы - 5 / 2 Атырау облысы - 10 / 6 Шығыс Қазақстан облысы - 36 / 11 Жамбыл облысы - 10 / 5 Батыс Қазақстан облысы - 24 / 15 Қарағанды облысы - 37 / 14 Қостанай облысы - 19 / 10 Маңғыстау облысы - 14 / 14 Павлодар облысы - 22 / 7 Солтүстік Қазақстан облысы - 25 / 11 Түркістан облысы - 20 / 15 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 103 033. Оның ішінде жазылғаны – 82 777, қайтыс болғаны 1269 науқас.