Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі кейінге шегерілді

Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі кейінге шегерілді

Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі кейінге шегерілді
ашық дереккөзі
221
Аңыз боксшылар арасындағы шоу жекпе-жектің өту мерзімі көбірек қаржы жинау мақсатында басқа күнге шегерілді. Бұл туралы ӨзА хабарлайды. АҚШ-тың Калифорния штатында 12 қыркүйек күні өтеді деп жоспарланған бұл бокс кеші күтпеген жағдайда 28 қарашаға ауысты.
The Ring таратқан ақпаратқа сүйенсек, ұсынысты Тайсон командасы жасаған. Өйткені  уақытты шегерген сайын көбірек табыс түседі деген. Джонс командасы да бұл ұсынысты мақұлдап, ринг кешін кешіктіруге келісім берді.
Бұған дейін ринг корольдері арасындаға жекпе-жек ережесіне өзгеріс енгізіліп, екі боксшының қауіпсіздігі үшін оларды рингке шлеммен шығып 18 унциялық қолғаппен жұдырықтасуын белгілеген және боксшыларға нокауттан аулақ болуға кеңес айтылған болатын.

Серіктес жаңалықтары