Үлескерлерді тақырға отырғызғандар ісі сотта қаралады

Үлескерлерді тақырға отырғызғандар ісі сотта қаралады

Үлескерлерді тақырға отырғызғандар ісі сотта қаралады
ашық дереккөзі
228
Алаяқтарға алданып қалған үлескерлер көп. Әсіресе, Алматы мен Астана қаласында тұрғын үйге қол жеткіземін деп ақшасын санап берген үлескерлер не ақшаға, не баспанаға ие болмай қалды. Мәселен, Астанада «Араби», «Араби-2» ТК және «Самал» ТҚК ТК тұрғын үй құрылысына қатысты 183 үлескерлерге тиесілі бір миллиардтан астам ақша қаражаттарын жымқырғаны дәлелденіп, іс сотқа жолданды. «Үлескерлік тұрғын үй құрылыс саласында жарамсыз құрылыс салушылардың қылмыстық іс-әркеттерінің салдарынан зардап шеккен үлескерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау прокуратура органдарының басты бағытының бірі болып табылады. Осыған орай, жыл бойы аудан прокуратурасының қадағалауымен  «Араби», «Араби-2» ТК және «Самал» ТҚК ТК мүшелерінің тараптарынан  үлескерлердің ақша қаражаттарын жымқыру дерегіне қатысты қозғалған қылмыстық істің заңдылығы жүзеге асырылды», - делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында. Ведомствоның мәлім еткеніндей, сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық іске қатысушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін, істiң мән-жайларын, жан-жақты, толық және объективтi жүргізу мақсатында процессуалдық прокурор тағайындалды. «Соның нәтижесінде, алдын-ала жүргізілген тергеу барысында Б. және С. есімді азаматтардың жасаған қылмыстық құқықбұзушылық іс-әрекеттері, яғни тұрғын үй құрылысына қатысты 183 үлескерлерге тиесілі бір миллиардтан астам ақша қаражаттарын жымқырғандары толықтай өз дәлелін тапты. 2016 жылдың шілде айының 7-сі күні Б. және С. есімді азаматтарына қатысты айыптау актісі процессуалдық прокурормен бекітіліп, қылмыстық іс Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотына қарауға жолданды», - дейді қалалық прокуратура. Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасы аталған қылмыстық оқиғаның алдын алу және оған жол бермеу үшін, үлескерлердің назарына Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Заңының 8 бабының талаптарын, яғни құрылыс салушы және жобалау компаниясы тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт жасасу мақсатында өтiнiш жасаған тұлғаға ескертеді.  

Серіктес жаңалықтары