COVID-19: Австралияда індет өршіп барады

COVID-19: Австралияда індет өршіп барады

COVID-19: Австралияда індет өршіп барады
ашық дереккөзі
Австралияда коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдер емес. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Виктория штатындағы жағдай алаңдатарлық. Мельбурнда індеттен бір тәулік ішінде 19 адам көз жұмды. Пандемия басталғалы мұндай үрейлі көрсеткіш алғаш рет тіркеліп отыр. Еске сала кетейік, Австралияның Мельбурн қаласында шілденің ортасынан бастап локдаун енгізілген. Бес миллионнан аса тұрғыны бар мегаполистің барлық оқушылары қашықтан білім алуға көшті. Мейрамханалар тек тапсырысты үйге жеткізу қызметін көрсетуде. Виктория штатының шекаралары жабық. Аумақтағы шектеу шараларының сақталуын қадағалау үшін полиция мен әскерилер, шекарашылар және пилотсыз ұшатын құрылғылар жұмылдырылған. Соңғы дерек бойынша, Австралияда 21 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. Пандемия басталғалы індеттен 295 адам көз жұмды.