Жалдамалы баспана: Елордада дәрігерлер мен мұғалімдерге 1 мың пәтер үлестіріледі

Жалдамалы баспана: Елордада дәрігерлер мен мұғалімдерге 1 мың пәтер үлестіріледі

Жалдамалы баспана: Елордада дәрігерлер мен мұғалімдерге 1 мың пәтер үлестіріледі
ашық дереккөзі
340
Биыл Нұр-Сұлтанда мыңға жуық пәтер мұғалімдер мен дәрігерлерге үлестіріледі. Тұрғын үйлер сатып алу құқығымен жалға беріледі. Бұл туралы шаһар басшысы әлеуметтік желіде хабарлады.  «Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірге біз бірқатар әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын жүргізудеміз. Бұл тұрғын үйлер сатып алу мүмкіндігі бар жалдамалы үйлер. Қолжетімді баспана мұғалімдер мен дәрігерлерге таратылады. Биыл барлығы 1 000 пәтер беріледі», - деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында. Әкімнің айтуынша, ол Абай мен Шұғыланың 150 жылдығы, Қосшығұлұлы, Торайғыров, Төлебаев пен Шарбақты көшелерінің қиылысында және Тілендиев даңғылында орналасқан тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты. «Сонымен қатар, біз кезекте тұрғандарға (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына тұрғын үй салу жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар біз алдағы жылдарға дайындық жұмыстарын жүргізудеміз», - деді әкім.

Серіктес жаңалықтары