9 Тамыз, 11:35 463 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асып жығылды

Пандемия басталғалы АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты. Бұл туралы сообщает The New York Times өзінің деректер базасына сілтеме жасап хабарлады.

Америкалық басылымның дерегінше, қазіргі таңда жеті штатта індеттің таралуы өршіп тұр: Оклахома, Вирджиния, Иллинойс, Гавайи, Оңтүстік Дакота, Массачусетс, Род-Айленд, сондай-ақ, Гуама, Виргиния аралдары мен  Пуэрто-Рикода эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпей тұр.

Эпидемия салдарынан елде барлығы 161 900 адам көз жұмды. Соңғы аптада әр тәулік сайын шамамен 1000 адам көз жұмуда.

The New York Times-тың хабарлауынша, індет жұқтырушылар санының күрт көбеюі елдің оңтүстігінде және шектеу шараларын жедел жеңілдету туралы шешім қабылдаған штаттарда тіркеліп отыр.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп елде коронавирусқа қарсы вакцина 3 қарашаға жоспарланған президенттік сайлауға дейін дайын болуы мүмкін екенін айтқан.  Мұндай мәлімдемені ол журналист Геральдо Ривьераға берген сұхбаты барысында жасады.

Еске сала кетсек, жуырда Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғаш рет адамға егілді. Екпені алған алғашқы қазақстандық - Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакциналогия орталығының директоры Қайсар Табынов.

Соңғы жаңалықтар